Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Он сайыстың үздіктері

Он сайыстың үздіктері

Жақында ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қаласы) алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Өткізілген спорттық іс-шараның мақсаты – тағылымдамашылардың бос уақытын дұрыс пайдалануын ұйымдастыру және олардың спорттық бастамаларын арттыру.

Ойынға 3 топ қатысты. Әр топ басшысы өзінің тобын таныстырды. «Қырандар» деп аталатын бірінші топты тағылымдамашы Дулат Беріков «Артқа шегінбейміз, бір орында тұрмаймыз, тек қана алға және бірге алға ұмтыламыз!» деген ұранмен, «Барыс» атты топты тағылымдамашы Оралхан Серхан «Алға және тек қана алға!» деген ұранмен, үшінші «9 рота» тобын тағылымдамашы Болат Бекмағамбетов «Қашанда біз біргеміз, біз жеңілмейміз» деген ұранмен таныстырды.

Спорттық марафон 10 сайыстан тұрды. Олар – «Визит карточкасы», «Ауа шарын ұстап тұру», «Мені тасымалдап өт!», «Граната лақтыру», «Қаппен секіру», «Гольф ойыны», «Тізе бүгіп жүру», «Құлатып алмай апару», «Ұйымдастырылған эстафета», «Допты ұста!». Сайыс арасында көрермендер үшін музыкалық үзілістер жарияланды. Әр топ жарыста өзінің жақсы жақтарын көрсетті. Біреулері жылдам, шапсаң болса, ал басқалары күлкілі де көңілді болды.

Қазылар алқасының мүшелері сайыс нәтижелерін шығарып, өздерінің шешімдерін айтты. Топтарды «Ең көңілді топ», «Ең белсенді топ», «Ең шапшаң топ» номинациаларымен марапаттады. Спорттық іс-шараның нәтижесінде 1-орынды 1-взвод тобы, 2-орынды 3-взвод тобы, ал 3-орынды 2-взвод тобы алды.

Б. ЖАНТАСОВА,
Оқу орталығы Арнайы пәндер циклының бастығы,
полиция подполковнигі

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған