Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Спорт та – түзеу құралы

Спорт та – түзеу құралы

 

Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында жыл сайынғы жазғы спартакиада өткiзілді.

Осы шараға орай, Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінен арнайы мамандар қатысып, барлық спорттық шараларға төрелік етті. Спартакиаданың алғашқы күні сотталған азаматшалар өз өнерлерін ортаға салып, жазғы спартакиаданың ашылу салтанатына концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Екінші күні қашықтыққа секіру және жылдамдыққа жүгіру өткізіліп, қашықтыққа секіруден сотталған В. Савич және жылдамдыққа жүгіруден сотталған азаматша М. Әбдірова жүлделі бірінші орынды иеленді. Шахмат, дойбы ойындарынан үздіктер анықталып, бірінші орынды сотталған Қ. Хафезова иеленді.

Осы күні жасақ командалары арасында көңілді старт өткізіліп, бас жүлдеге №2 жасақ ие болды. Спартакиаданың үшінші күні арқан тартыс ұйымдастырылып, №2 жасақ үздік деп танылды. Спартакиаданың төртінші, бесінші, алтыншы күндерінде жасақ командалары арасында волейбол ойыны жалғасын тапты. Волейбол ойынын қорытындылай келе, №2 жасақ жүлделі орынға ие болды.

Жалпы, жазғы спартакиадаға барлық сотталған азаматша белсене қатысты және соңғы күні олар Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама, алғыс хат, медаль, кубоктарымен марапатталды және УГ-157/11 мекемесінің бастығы, әділет майоры Николай Толстов мақтау қағаздарын және бағалы сыйлықтарды табыс етті.

 8 боксшы – финалда

Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатының финалына шықты.

Филиппинде бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр. Пуэрто Принсесада (Филиппин) қазақстандық 8 спортшы: Ақылбек Мұхтаров, Махмуд Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Айтжан Асырхан, Бекзат Ерімбет, Ерасыл Жақпеков, Қуандық Мақсұт және Сағындық Тоғамбай «алтын» үшін сынға түседі.

Финалға 8 спортшысы шыққан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде көш бастап тұр. Екінші орында 6 финалисімен Өзбекстан келеді.

Рыпакова – алтыннан үміткер

Лондонда өтіп жатқан ХVІ әлем чемпионатында әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысынан іріктеу сыны өтіп, Ольга Рыпакова финалға бірінші орынмен шықты, деп хабарлайды ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатына жеңіл атлетиканың осы түрінен 26 спортшы іріктеліп алынған болатын. Олардың 12-сі ғана финалға шығуы керек. Әр спортшыға үш мүмкіндіктен беріледі. Ал финалға жолдама беретін меже – 14,20 метр көрсеткіш. Бірақ, бұл межеден асқандар аз болса, соған жетеқабыл нәтиже көрсеткендер де финалға шығады. Қысқасы, артық та емес, кем де емес, 12 спортшы екшеліп шығуы керек.

Біздің елден екі спортшы үш қарғып секірушілер арасында бақ сынау құқығына ие болған. Олардың бірі – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да, екіншісі – жақында ғана Азия чемпионы болған Мария Овчинникова. Ал әлгі 26 спортшы екі топқа тең бөлініпті. Мария «А» тобында, ал Ольга «В» тобында бақ сынады.

Ольга Рыпакова өз тобында екінші болып шығып, бірінші мүмкіндігінде-ақ 14,57 метрге қарғып, финалға шықты. Әрі стадион толы көрермен Ольгаға риза болып, ду қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Өкінішке қарай, финалда өнер көрсету үшін іріктеліп алынған 12 жеңіл атлеттің қатарына екінші қызымыз Мария Овчинникова іліге алмады. Ол бірінші мүмкіндігінде 13,18 метрге секірген, екіншісінде 12,90 метр көрсеткішпен шектелді. Үшіншісінде алысқа секірген сияқты болғанымен, қарғу сызығын басып кетіп, бұл мүмкіндігі есепке алынған жоқ.

ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер Кеңесі полиция майоры Ізбас Русланға әкесі

Сарбай ІЗБАСТЫҢ

дүниеден өтуіне байланысты тума-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Жарқынай МИХАЙЛОВА,
УГ-157/11 мекемесінің жасақ бастығы,
әділет аға лейтенанты

Сондай-ақ, оқыңыз

Республикалық жарыс жеңімпаздары

Қызылорда қаласында жасөспірімдер мен жас құтқарушылар арасында өрт-құтқару спорты бойынша ұйымдастырылған VІІ Республикалық жаздық чемпионаттың …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған