Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Тілсіз жауға тосқауыл

Тілсіз жауға тосқауыл

Тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысында ыстық ауа-райының сақталуы табиғи өрт қаупінің күшеюіне әсер етіп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайлар болғанда дер кезінде әрекет ету және алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяевтың төрағалығымен жедел кеңес өткізіліп, онда 2017 жылы облыс аумағында өрт қаупі бар орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.

Отырысқа мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың басшылары, аудандық ТЖБ басшылары қатысты. Антон Федяев өрт қаупі кезеңінде елді мекендерде орман алқаптарын қорғау, табиғи өрттердің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті тапсырмалардың орындалу барысын пысықтады.

Департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев табиғи өрттердің алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралардың орындалуы туралы айта келе: «Облыстың барлық аудандарында жергілікті атқарушы органдар және мемлекеттік орман мекемелері бірлесіп, өртке қарсы ерікті құрам тобын жұмылдыру арқылы ауылдық округтерде орман өрттерін жою бойынша 16 өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Өрт қаупі кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және бақылау үшін құрылған облыстық ТЖД және аудандық жедел топ қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері бірлесіп, өрт қаупі кезеңінің басынан бастап 151 рейд өткізген. Нәтижесінде, бақылаусыз от жаққаны үшін 51 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауылшаруашылық өнім өндірушілер 5 мыңнан астам адамды қамтыған 15 жиын, 956 нұсқаулық, 6 дөңгелек үстел өткізді. Дайындық аясында өрт қаупі кезеңіне облыстың өртке қарсы ерікті құрамдардың жауынгерлік дайындығын тексеру жүзеге асырылды. Күштер мен құралдарды тарту жоспары іске асырылды. Тексеру барысында «ПТВ» өртке бейімделген өрт сөндіру техникасының жабдықталу жарамдылығына ерекше назар аударылды», – деді өз баяндамасында.

Антон Владимирович селекторлық режимде аудан әкімдерінің орынбасарларын тыңдаған соң, табиғи өрттердің алдын алу және оларды жедел жойып, жұмыс тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырма берді. Ол өртке қарсы ерікті құрамдарды нығайту қажеттігіне, өрт кезінде олардың өртті сөндіру дайындығын қамтамсыз етуге, елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру және қажет жағдайда еріктілер құрылымдарын жасақтауға маңыз берді. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары жол ұйымдарына республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойымен минералдандырылған жолақтар жасап, бақылауға алуды тапсырды.

 

Денис Шуваев,

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД қызметкері

Сондай-ақ, оқыңыз

Жұмыс тиімділігі жақсарып келеді

13 қазанда Шымкент қаласында ІІМ Көліктегі ІІД-нің кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған