Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Олар – Отанын оттан қорғаушылар!

Олар – Отанын оттан қорғаушылар!

Алғашқы дайындық

Ағымдағы жылы маусым айының 5-і мен тамыздың 4-і күндері аралығында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің Кәсіби даярлық мектебінде жас өрт сөндіруші-құтқарушылар алғашқы дайындықтан өтті.

Оқу кезеңінде тыңдаушылар азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, өрттерді сөндіру тактикасын, қауіпсіздік техникасы мәселелерін, өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт техникасы мен байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтармен жұмыс істеу ерекшеліктерін және т.б. оқып үйренді.
Дайындық барысында өрт сөндіруші-құтқарушы жұмысының дағды-машықтарын үйретумен қатар, жас қызметкерлермен тәрбие жұмыстарын жүргізуге де аса мән берілді. Тыңдаушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізуге оқу бөлімшесінің оқытушылар құрамы, психолог мамандар, басқарма аппаратының қызметкерлері қатысты.
Алған теориялық білімдерін және өрт-техникалық жарақтармен, жабдықтармен және байланыс құралдарымен жұмыс істеу, дағды-машықтарын нығайту, оқу мұнарасында, жаңа заманға сай контейнерлік типтегі жылу-түтін камерасында іс жүзінде жаттығулар Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында іске асырылды.
Жас жауынгерлер тыныс алуға жарамсыз ортада сығымдалған ауасы бар аппараттарда жұмыс істеу ерекшеліктерін үйренуге аса көңіл бөлді және оқу курсының соңында оларға «газ-түтіннен қорғаушы» біліктілігі берілді.
Жас қызметкердің қалыптасу кезеңі өте маңызды болып табылады. Жалпы, тәрбие жұмысы қызметкерді кәсіби және жеке маңызды моральдық, психологиялық тұрғыда дамытуға, қызметкерде өзінің кәсіби еңбек етудегі міндеттерін адал атқару жауапкершілігін арттыруға, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылдыруға, Отаны мен қызметтік борышын атқаруға шын берілуге және Антына берік болуға, жоғары патриоттық сезімге, азаматтыққа, заңдылықты және әдеп нормаларын сақтауға тәрбиелеуге бағытталған.
Осы мақсатта тыңдаушылармен жеке өзара қарым-қатынас мәдениеті, құқық қорғау органдарындағы қызметтік әскери қарым-қатынас тәртібі туралы әңгімелесулер жүргізіліп, азаматтық қорғау қызметкері үшін ең басты қасиеттер адал және әдепті болу, қайраттылық пен табандылық таныту, Отанына адал қызмет ету екендігі түсіндірілді.
Жас қызметкерлердің бойында өз Отанына және халқына деген мақтаныш сезімін, халқының жасаған ұлы ерліктері мен өткен тарихының мақтауға тұрарлық кезеңдеріне деген құрметті қалыптастыру үшін қаламыздың тарихи орындары мен ескерткіштеріне, мұражайларына экскурсиялар ұйымдастырылды.
Қызметтік тәртіпті нығайту, суицид жағдайларының, есірткіге тәуелділік пен маскүнемдіктің алдын алу, зиянды әдеттерге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген жағымсыз қөзқарас қалыптастыру мақсатында мемлекеттік істер жөніндегі басқарманың, психиатриялық және наркологиялық диспансерлердің, діни істер орталығының, жол-патрульдік полициясының және т.б. мемлекеттік органдар мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылды.

Аида МЫРЗАБЕКОВА,
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі
Кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Антқа адал, міндетке мінсіз ардагер

Бүгінгі күні ішкі істер органдары саласында қызметіне қалтқысыз берілгендердің қатары көп. Тәуелсіз елдің осындай тарландарын …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған