Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Елшілер сенім грамотасын тапсырды

Елшілер сенім грамотасын тапсырды

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанда қызметін қоса атқаратын бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады.

Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшыға Уругвай Шығыс Республикасынан Энрике Хуан Дельгадо Хента, Колумбия Республикасынан Альфонсо Лопес Кабальеро, Эритерия мемлекетінен Петрос Цеггай, Фиджи Республикасынан Иоане Найвалуруан, Лаос Халық Демократиялық Республикасынан Сивиенгфета Фетворасак, Чили Республикасынан Родриго Хосе Ньето Матурана, Гватемала Республикасынан Гисала Аталида Годинес Сасо сенім грамотасын табыс етті. Гүлшара Әбдіқалықова Уругвай Елшісімен кездесу барысында Қазақстан үшін Уругвай Латын Америкасындағы барынша перспективалы серіктестіктің бірі болып табылатындығын атап өтті және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау кезінде Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

«Екіжақты өзара әрекеттестіктің қозғаушы күші сауда-экономикалық ынтымақтастық болуы қажет деп есептеймін. Осыған орай тауар айналымы мен өзара инвестицияларды артыруға назар аудара отырып, іскерлік байланыстарымызды жандандыруымыз керек», – деді Гүлшара Әбдіқалықова Колумбия Елшісімен кездесуі барысында. Мемлекеттік хатшы Эритерия Елшісімен кездесуде Қазақстан БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретінде өзіне Сомали мен Эритерия бойынша санкция комитетінің төрағасы міндеттемесін алып, Шығыс Африка өңірлері және жалпы құрлықтағы бейбітшілікке, тұрақтылыққа әрі қауіпсіздікке жәрдемдесуге ұмтылатындығын баса айтты. Ал Фиджи Елшісімен әңгімелесу барысында Әбдіқалықова туризм саласы ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі болып табылатындығына назар аударды.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Гватемала Елшісімен әңгімелесу барысында екі елдің арасында инфрақұрылым, қаржы, қызмет көрсету, көлік, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға болатындығын айтты.

Сондай-ақ, оқыңыз

Ел қорғанысы – ең басты парыз

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған