Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Көрме – дағдарысқа қарсы шара

Көрме – дағдарысқа қарсы шара

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі дағдарысқа қарсы шара ретінде елімізге үлкен мультипликативтік пайда әкеліп жатыр. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты.

«Әкімдіктен сандарды сұраттым, статистика органдарынан да ақпарат алдық. Мысалы, Астана бойынша біз экономиканың барлық саласында экономикалық қызметтің едәуір жанданғанын көріп отырмыз. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 33%-ға, тауар айналымы 20%-ға, сауда ойын-сауық орталықтарына келген адамдар 2 есе ұлғайған. Туризм саласында да айтарлықтай өзгеріс бар, туроператорларға жүгінгендер саны 78%-ға өскен. Біз «ашық аспан» жүйесін енгіздік, рейстер 1,3 есе артты. Хельсинки, Будапешт, Варшава сияқты қалаларда жаңа рейстер ашылды. Күн сайын Астанаға жеті мың адам әуе рейісімен, 16 мың адам жолаушылар көлігімен келеді, бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді Ахметжан Есімов.
Оның айтуынша, маусымның өзінде елорда бюджетіне қызметтер саласынан түскен салық 2,5 есе ұлғайған. Астанада сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілері көбейіпті.
«Көрме тақырыбы өте үлкен қызығушылық тудырды, күн сайын бізде ұлттық күндер өтіп жатқанын көріп жүрсіздер. 115 ел мен 22 халықаралық ұйым осы саладағы өз технологияларын көрсетуге тырысуда, ол келушілердің үлкен қызығушылығын тудыруда, сондықтан көрменің аяқталуына 37 күн қалғанда жоспардағы көрсеткіштерге жетіп үлгердік. Ал халықаралық павильондар мен ЭКСПО нысандарында болғандар саны 15 млн-нан асып кетті», – деп түйіндеді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, оқыңыз

Жедел жеткізу қызметі іске қосылды

Қазпошта 35 бағыт бойынша EMS жөнелтімдерді «күнбе-күн» жедел жеткізу қызметін іске қосты.  

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған