Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Әлеуметтік қызметкерлерге жаңа талап

Әлеуметтік қызметкерлерге жаңа талап

Жоғары оқу орнында әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдаған талапкерге жаңа талап қойылады. Енді ол оқуға түспес бұрын міндетті түрде ерікті болып жұмыс істеуі қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

«Мектеп түлегі өз мамандығын таңдап, әлеуметтік қызметкер немесе әлеуметтік педагог факультетіне құжаттарын тапсырады. Бірақ, бұл азамат міндетті түрде ерікті болып жұмыс істеуі шарт. Яғни ол әлеуметтік қызметкер атанбас бұрын, осы деңгейден өтуі тиіс. Тәжірибесі болу үшін ол арнайы курстан өтіп, медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істеп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды күтуі қажет», – деді ол.

Сонымен қатар, Светлана Жақыпова университетті тәмамдаған соң, 2-3 ай ғана әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейтін азаматтардың санын азайту қажеттігін алға тартты.

Соңғы деректерге сүйенсек, әлеуметтік педагог немесе әлеуметтік қызметкер мамандығы бойынша білім алғандардың 50%-ы өз саласы бойынша жұмыс істемейді екен.

Сондай-ақ, оқыңыз

Жедел жеткізу қызметі іске қосылды

Қазпошта 35 бағыт бойынша EMS жөнелтімдерді «күнбе-күн» жедел жеткізу қызметін іске қосты.  

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған