Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Ақын атындағы турнир

Ақын атындағы турнир

Қызылорда облысы, Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда ақын, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Жетіскен Мәкеналыға арналған шағын футболдан еске алу турнирі өтті.

«Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты Қазалы аудандық «Қазалы» газеті, аудан әкімдігі мен аудандық футбол федерациясы бірлесіп ұйымдастырған жарысқа Қазалы ауданының әкімдігі, Әйтеке би кентінің әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қазалы ауданы №4 Өрт сөндіру бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері, аудандық аурухана, «Қазалы» газеті және «Аранды» командалары қатысты.
Финалдық ойында өз топтарында жеті-жеті ұпайдан жинаған аудан әкімдігі мен №4 Өрт сөндіру бөлімінің спортшылары турнирдің бас жүлдесі үшін таласқа түсті. Жеңіске деген жігері мықты екі команданың ойыншылары да ақтық ойынға тән аса сақтықпен қимылдады. Тең дәрежеде өткен ойында өздеріне берілген мүмкіндікті пайдалана алмаған екі команда да негізгі уақытты 0:0 есебімен аяқтады. Ойын соңынан кейінгі пенальтиде өрт сөндіру бөлімінің мерейі үстем болып, турнир жеңімпазы атанды.
Турнирдің жабылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов жеңімпаз командаларды құттықтап, турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Ардақты ақын Жетіскен Мәкеналының есімі мәңгі ұмытылмайтынына сенім білдірді.

Қазалы ауданы №4 Өрт сөндіру бөлімі

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған