Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Мергендер мерейі

Мергендер мерейі

 

Жуырда Өскемен қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығы мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған құқық қорғау органдарының құрылымдық күштері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша «Динамо» ДШСҚ және Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өткен болатын.

Аталмыш жарысқа Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің құрама командасы да қатысып, өз мүмкіндіктерін сынға салды. Чемпионат барысында құқық қорғау органдары, арнайы және құрылымдық күштердің 7 командасы және аймақтық ІІД-нен 16 команда, барлығы 93 қызметкер бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады.

«Динамо» ДШСҚ чемпионатының қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары, арнайы және құрылымдық күштер арасында 1-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің командасы иеленсе, 2-орынды ІІМ Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы командасы еншіледі, ал жүлделі 3-орын Ішкі істер министрлігі командасына бұйырды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық ІІД-нің құрама командасы мүшелері жекелей сында келесідей жетістіктерге қол жеткізді: әйелдер арасында Меркі аудандық ІІБ штабының аға инспекторы, полиция капитаны А. Адибаева ПМ-2 жаттығуы бойынша 156 ұпаймен және ПМ-5 жаттығуы бойынша 46 ұпай көрсеткішпен жүлделі 3-орындарға орнықты.

Ерлер арасында ІІД ОЖВ аға инспекторы, полиция майоры Т. Ахметов ПМ-3 жаттығуы бойынша 251 ұпай көрсеткішпен 5-орын, ПМ-4 жаттығуы бойынша 77 ұпай жинап, 4-орынды иеленді.

ІІД ОЖВ аға инспекторы, полиция капитаны Қ. Тилимбетов ПМ-3 жаттығуы бойынша 247 ұпай алып, 6-орыннан, ПМ-6 жаттығуы бойынша 5-орыннан табылды.

АК-74 автоматымен атудан жарысқа қатысқан ІІД ОЖВ аға инспекторы, полиция майоры Е. Жанабеков АК-3 жаттығуында 270 ұпай көрсеткішпен және АК-4 жаттығуында 236 ұпай жинап, 3-орынға ие болды.

Облыстың ІІД құрама командасы осындай көрсеткіштерімен жалпы саны 1355 ұпай жинап, 16 команданың арасында жүлделі 2-орын тұғырынан көрініп, өз кәсіби шеберліктерінің жоғарылығын көрсетті. Ал жеңімпаз жүлдесін Қарағанды облыстық ІІД-нің құрама командасы қанжығасына байласа, 3-орын марапатын Алматы қалалық ІІД командасы олжалады.

Ғ. ТАЙШАПОВ, ІІД Арнайы даярлық

басқармасының бастығы, полиция подполковнигі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған