Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Ашық чемпионатта жүлде алды

Ашық чемпионатта жүлде алды

30 шілде күні триатлоннан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.

Алғаш рет спорттың мұндай күрделі түріне Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ құрамасы да қатысты. №14 ӨСБ бекетінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Азамат Қарасартов команданың капитаны болып, жүзгіштер мен жүгірушілерден команда құрды. Ал өзі веложарыста өнер көрсетті.
Азамат Кенжебекұлы өзінің бос уақытын спортқа арнайтынын айтады. Қысқы кезеңде шаңғы, хоккей спорт түрлерімен шұғылданса, жазда шаңғы-роллер, велосипед, марафонға жүгіру, дуатлон мен триатлон жарыстарына белсене қатысады. Дегенмен, ол ең сүйікті спорт түрі велоспорт екендігін айтады.
Бәйге 3 кезеңнен тұрды, атап айтқанда 1,9 шақырымға жүзу, 90 шақырымға велосипедпен жарысу және 21 шақырымға жүгіру сындары. Жарысқа қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Украина, Қырғызстан, Канада және АҚШ қонақтары, сондай-ақ, атақты велошабандоз Александр Винокуров та қатысты.
Жүгіру бойынша қорытынды кезеңде Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ командасы екінші позицияда болды, алайда, жүгірушінің артық айналым жасап, техникалық қателік жасағаны үшін, екінші позиция Павлодар қаласынан келген командаға өтті.
Жарыс нәтижесінде Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ командасы 15 команданың ішінде құрметті үшінші орынды иеленді: 1-кезең: жүзу (1,9 км) – 29 мин 19 сек; 2-кезең: веложарыс (90 км) – 2 сағ. 22 мин. 01 сек; 3-кезең: жүгіру (21 км) – 1 сағ. 18 мин. 55 сек.
Жеңімпаздарға жүлделерді Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады. Осы сынды спорттық іс-шаралар ТЖ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын шыңдап қана қоймай, жауынгерлік рухты нығайтып, тұтастай алғанда көпшілік спорттың дамуына өз үлесін қосады.

Астана қаласы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Республикалық жарыс жеңімпаздары

Қызылорда қаласында жасөспірімдер мен жас құтқарушылар арасында өрт-құтқару спорты бойынша ұйымдастырылған VІІ Республикалық жаздық чемпионаттың …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған