Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Сотқа дейінгі пробацияның сыры неде?

Сотқа дейінгі пробацияның сыры неде?

Жуырда Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасының төрағалығымен сотқа дейінгі пробация тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қостанай қаласы пробация қызметі инспекторлары, облыстық ІІД ЖПҚ және Қостанай қалалық ІІБ қызметкерлері қатысты.
«Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өткен жылы 30 желтоқсанында қабылданғаны белгілі. Пробация санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен айқындалатын шаралар жүйесі.
Пробацияның бұрын екі түрі болған (үкімдік пробация және пенитенциялықтан кейінгі пробация), соңғы Заң негізінде тағы екі түрі қосылды (сотқа дейінгі пробация және пенитенциарлық пробация).
Сотқа дейінгі пробация кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге, әйелдерге, 58 жастағы және одан асқан, 3 жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, 63 жастағы және одан асқан, 3 жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлерге қатысты ерікті негізде қолданылады.
Сотқа дейінгі пробация жазбаша өтініш бойынша өтініш жасаған кезден бастап жүзеге асырылады.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы жасалатын қылмыстар, сотқа дейінгі пробация негізінде кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету барысы, сонымен қатар, сотқа дейінгі баяндаманың жасалуы кеңінен талқыланды.

А. ЕСЕТОВА,
Қостанай облысы бойынша

ҚАЖД Қостанай қаласы ПҚ

ювенальдық тобы инспекторы,

әділет капитаны

Сондай-ақ, оқыңыз

Осал нысандарға айрықша назар

Пәле қайдан дерің бар ма? Жан-жағың анталаған жау. Баяғыдай жоңғар немесе фашист келіп қалған жоқ. …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған