Сайыпқыран Самат

Біздің арамызда да батырлар бар. Көп жағдайда біз оларды байқамаймыз да, бірақ олар қиын сәттерде супермен кейіпкерлері сынды қажет уақытта және қажет жерде қасыңнан табылады. Олар қиындыққа тап болған адамдарға ойланбастан көмекке келіп, қол созады. Осындай батырлардың бірі – Петропавл қаласы № 2 мамандандырылған өрт бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау аға сержанты Самат Жапаров.
Жуырда қызметінен бос уақытта Самат тағы бір мәрте ерлік жасады. Кешкі мезгілде үйге қарай келе жатып, Батыр Баян көшесіндегі аулалардың бірінде жүріс-тұрысы күдікті көрінген бір ер адамға көзі түсті. Біздің құтқарушымыз әлденеден секемденеді.
«Мен қасына барып, бұл сіздің көлігіңіз бе?», – деп сұрадым. Ол «Түнгі жөндеушімін» деп дөрекі жауап берді. Содан кейін бір үйдің подъезіне бет алды, сол үйде тұратын адам екеніне сендіргісі келгендей. Бірақ үйге кірместен, «Нива» автокөлігінен бір заттарды алып ауладан қаша жөнелді. Соңынан қуып, күдіктіні ұстап, сол бойда полиция қызметкерлерін шақыруға тура келді», – деп еске алады Самат болған оқиғаны.
Қашқан адам бөтен адамның «Нива» көлігін ашқаны және одан бейнетіркегіш, 2 флеш-карта мен кілттері бар сөмке ұрлағаны белгілі болды. Ұсталған 30 жастағы ер адам полиция қызметкерлеріне бұрыннан таныс екен, сонымен қатар, ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты.
Қала тұрғындарының мүлкін сақтап қалуға Самат Жапаров осылайша көмектесті. Осындай қайырымды істер арқылы адам өзі де марқаяды және бұл оның бірінші ерлігі емес.
Ол 2009 жылы жерге құлап көз алдында ауыр халге тап болған көршінің сәбиін аман алып қалғаны бар. Жедел жәрдем келгенше Самат балаға алғашқы көмек көрсетті.
Аға сержант Жапаров 2008 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де қызмет істейді. Оның еңбек жолы адамдардың өміріне деген жауапкершіліктен, өртпен күрестегі қауіп-қатерден, ұйқысыз түндерден тұрады. Ол адамдардың қайғысына бейжай қарамайды, себебі осындай қиындықты оның өз басынан өткеріп жатқанын білеміз.
Жұбайы Дина екеуі Асанәли мен Әлихан атты екі ұлды тәрбиелеп отыр. Кіші ұлдары Әлихан денсаулығына байланысты қатты сырқат, бірнеше жыл бойы ата-ана осы кеселмен күресіп келеді. Өз баласын құтқарып қалу үшін біраз қиындықты бастан кешті. Осындай сынақтар отбасын біріктірумен қатар, басқа адамдардың қайғысын бөлісуге, қиындықтарын терең сезінуге және қажет кезде тез арада көмекке келуді үйретті. Ол өз балаларын да осыған баулиды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Егемен елдің ертеңіне сенемін

Бүгінгі таңда жастардың ТМД және шет елдерде білім жетілдіруі, жоғары оқу орындарына оқуға түсуі жолға …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған