Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Мың жарым баланы суда жүзуге үйретті

Мың жарым баланы суда жүзуге үйретті

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп, 1,5 мыңға жуық оқушыға суда жүзу ережелерін үйретті.
Бұл туралы облыстық ТЖД бастығы Әлібек Длимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингде айтты.
«Шомылу маусымына дайындық шараларын көбінде жасөспірімдер арасында жүргіземіз. Ағымдағы жылдың басынан бері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жанындағы судан құтқару жасағының мамандары облыстық білім беру басқармасымен бірге қала және аудандардағы ашық хауыздарда қауіпсіздік шараларын түсіндіре отырып, 1496 баланы дайындықтан өткізді. Сонымен қатар, 19 мыңнан астам оқушыны қамтып, 8 интеративтік сабақ ұйымдастырылды. Одан бөлек, 17 мыңнан астам оқушыға төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған дәріс өткізілді. Жалпы, мұндай шаралар өз нәтижесін беріп жатыр. Әсіресе, суда жүзе алмайтын жасөспірімдер үшін мұның пайдасы зор. Демалыс маусымы жақындаған сайын қатысушылар саны артты», – дейді Әлібек Длимов.
Департамент бастығының сөзінше, судағы қауіпсіздікті сақтауды түсіндіру мақсатында 20-дан астам акция мен флешмоб ұйымдастырылып, телеарналар мен радиолардан хабарландырулар берілген.
«Бұдан кейін кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін ата-аналар жауап беретін болады. Мәселен, жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірге рейд жүргізе отырып, соның негізінде балаларын суға жалғыз жіберген және сулы жерлерде жалғыз қалдырған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – дейді ол.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған