«Алаш» партиясына арналды

Қашыр ауданында «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен және ХІХ аудандық спартакиада өткізілді.
Жарыста №23 ӨСБ қызметкерлері азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеріп, өз ауыл округінің намысын қорғап, жекелеген спорт түрлерінен көріне білді. Азаматтық қорғау кіші сержанты Е.Елтай 82 келі салмақ дәрежесінде «қазақша күрес» сайысында 3-орын алды.
Ал бөлім командирі А.Қабдыров войлейбол ойнап, Тереңкөл ауылдық округінің бірінші орынды алуына үлкен үлес қосты.
Бөлім командирі, азаматтық қорғау старшинасы А. Пустовит армрестлингте 90 келі салмақ дәрежесінде жақсы көрсеткіштер көрсетті. Оның қарсыластары республикалық біріншілік жеңімпаздары және облыстың бірнеше дүркін чемпиондары болды.
Жүргізуші, азаматтық қорғау старшинасы Б. Төлебаев кір тасын көтеруден сайысып, үздіктер бестігінен көрінді.
Тереңкөл ауылдық округі атынан шыққан №23 ӨСБ қызметкерлері аудандық спартакиададан жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды. Олар өтпелі кубокпен, мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, №23 ӨСБ қызметкерлері 30 жастан үлкен «Ардагерлер» және 30 жасқа дейінгі «Жастар» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді. Табан тірескен әдемі ойында командалық ойын мен тәжірибенің арқасында №23 ӨСБ «Ардагерлер» командасы 6:3 есебімен жеңіске жетті.

А. ҚАБДЫРОВ, Павлодар облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*