Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Өрт сөндіру қызметіндегі ойын

Өрт сөндіру қызметіндегі ойын

Астана күні 1998 жылдан атап өтіліп келеді. Бұл мереке халық үшін тарихи және мәдени мағынада және Қазақстан Республикасы үшін нышан айғағы болып табылады. Жыл сайын Астана күні барлық республика аумағында концерттер, сайыстар және жарыстар ұйымдастырылады.
Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің «Құтқарушы» спорт кешенінде футболдан жарыс өтті. Жарысқа 18 команда қатысты. Олар – Астана қаласы ТЖД аппарат ұжымы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ аппарат ұжымы және астаналық өрт сөндіру бөлімдері. Жарысқа Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшылары да қатысты. «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Р.М. Ильчубаев барлық қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, мықты денсаулық, сәттілік және лайықты нәтиже тіледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды «ӨС және АҚЖҚ» ММ аппарат басқармасы, 2-орынды №16 МӨСБ, 3-орынды №1 ӨСБ жеңіп алды.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған