Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Қарттарға құрмет – қалыптасқан дәстүр

Қарттарға құрмет – қалыптасқан дәстүр

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесі мен «Еңбек-Қызылорда» мекемесі басшылығының ұйымдастыруымен Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орай №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шарада сөз алған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті арнайы есеп бөлімінің бас маманы, әділет подполковнигі Сәуле Баймырзаева мен «Еңбек-Қызылорда» мекемесінің директоры Ермахан Төребеков қазыналы қарттарымызға деген құрметтің сақталуы жолында жасалып жатқан осындай игі шаралардың жыл сайынғы дәстүрге айналуының өзі жастарымыздың бойында адами құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп, қарттарымызды қадірлеп, құрметтеуді естен шығармауға шақыратындығын атап өтті.
Сондай-ақ, ЗК-169/5 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Тасболат Қалымбетов №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Лариса Тынысқызын мекеме атынан алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Әсем ән мен биден шашу шашып, киелі домбырадан күй төккен мекеме қызметкерлерінің өнерінен ерекше әсер алған қарттарымыз жоғары дәрежеде өткізілген мерекелік кешке шексіз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ, оқыңыз

Өзгенің өмірі үшін…

Төтенше жағдайға тап болған азаматтарға тәуліктің 24 сағаты ішінде көмекке келуге дайын тұратын Павлодар облысының …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған