Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Қауіпсіздіктің сенімді қорғаны

Қауіпсіздіктің сенімді қорғаны

Елорданың бас алаңы – «Қазақ елі» монументінің жанында полицейлер саптық түзеу өткізді.
800-ден астам елордалық тәртіп сақшысы Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап «25» саны пішінінде сапқа тұрды. Саптық түзеу Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің басшылығымен өткізіліп, жеке құрамға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде, әсіресе, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Департамент басшысы: «Ширек ғасыр ішінде қазақстандық полиция қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қорғанына айналды. Қазіргі уақытта елордалық Ішкі істер департаменті кәсіби қызметкерлер мен заманауи материалды-техникалық жабдықтаумен қамтамасыз етілген», – деп атап өтті.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Заң бұзғандарға жаза қатайтылады

ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі бойынша …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған