Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Жолаушылармен өткен жүздесу

Жолаушылармен өткен жүздесу

9 маусымда Қостанай стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Астана-Орал» бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушылармен кездесу өткізді. Шараға Қостанай көлік прокуратурасы мен «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының өкілдері де қатысты.
Кездесу барысында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оларға өз заттарын, әсіресе, ұялы телефондарын қараусыз қалдырмау, бейтаныс азаматтарға сенім артпау және келеңсіз жәйттар орын алған жағдайда жолаушылар пойыздарына ілесіп жүретін жасақтарға дер кезінде шағымдану жөнінде кеңес берілді және ел аумағына келетін шетелдік азаматтарға көші-қон заңнамасы ұсынған негізгі талаптар түсіндірілді.
Сонымен қатар, шара шеңберінде Қостанай стансасы темір жол вокзалындағы темір жол ұйымдары ұжымы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассирлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарды тіркеу және болу ережелері», ұсақ құқық бұзышылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» тақырыптарында әңгімелер өтті.

А. РАИСОВ, Қостанай қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Жұмыс тиімділігі жақсарып келеді

13 қазанда Шымкент қаласында ІІМ Көліктегі ІІД-нің кеңейтілген көшпелі кеңесі өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған