Басқы бет / «Сақшы» газеті / Аймақ айшығы / Құтқарушылар көрмеге сақадай сай

Құтқарушылар көрмеге сақадай сай

Жуырда № 16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев және Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Ильчубаев жеке құрамның саптық байқауын өткізді.
Шараның мақсаты – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңіне жеке құрамның, бөлімшелердің құтқару техникасы мен жабдықтарының әзірлігін тексеру болды. Сонымен қатар, бөлімшелердің төтенше жағдайларды жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын орындау дайындығы пысықталды. Департамент және өрт сөндіру қызметі басшылығы құтқару бөлімшелерінің жеке құрамына нұсқаулар берді.
Саптық дайындықты тексеру барысында азаматтық қорғау органдары құрылымдары мен қызметтері мамандандырылған көрмені өткізу кезеңінде штаттан тыс жағдайларға жедел әрекетуге әзірлігін көрсетті.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Астана қаласы ТЖД және қоса берілген күштердің жеке құрамынан 300 адам мен 30 бірлік арнайы құтқару техникасы жұмылдырылатын болады.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жемқорлыққа жол берме!

Қызылорда облыстық ІІД-де полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған