Басқы бет / «Сақшы» газеті / Аймақ айшығы / Жемқорлыққа жол берме!

Жемқорлыққа жол берме!

Қызылорда облыстық ІІД-де полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуға бағытталған «Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне жол бермеу мәселесі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бағдат Ізкенов, аталмыш департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Марал Байқуатова, облыстық ІІД Әкімшілік полиция, Көші-қон полициясы басқармалары, Күзет қызметін бақылау бөлімі, Қызылорда қалалық ІІБ және барлық аудандық ІІБ басшыларының орынбасарлары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесті Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә. Шаймағамбетов ашып, семинар-кеңестің бағдарламасымен таныстырды, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
Шара барысында Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары С. Омаровтың, Күзет қызметін бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы С. Жүсіпованың баяндамалары тыңдалды.
Семинар соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес заңнамалар төңірегінде өзара пікір алмасумен аяқталды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Түрмеде де кәсіп бар

Жуырда Шымкент қаласының «Көрме орталығында» Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Оңтүстік өнімдері» атты көрме …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған