Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Велосипедтер базасы жасақталды

Велосипедтер базасы жасақталды

Жазғы маусымның басталуымен велосипед ұрлығы өзекті мәселеге айналады. Тек өткен мамыр айының ішінде 73 ұрлық тіркелген.
Жасалған талдаулар бойынша, ұрлықтың басым бөлігі тұрғындардың велосипедтерін үйлердің кіре-берістерінде қараусыз қалдыруы салдарынан болатыны анықталып отыр. Бұған дәлел, мамыр айында кіре-берістерден ұрланған велосипедтің саны 26 болса, жеке үйлердің ауласынан 11 факті тіркелді.
Ақтөбе қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Серікжан Дүзбаев: «Қала тұрғындарына айтарымыз, сатып алынған велосипедтердің құжаттарын сақтап қойыңыздар, өйткені құжаттағы сериялық нөмірді білудің маңызы бар. Велосипедтің төменгі бөлігінде көрсетілген сериялық нөмірдің көмегімен тауып алу оңай. Бүгінде ұрылар шынжырлы құлыптарды арнайы қайшымен кесуді үйренгендігін айтқымыз келеді. Жұмыстың жеңілдеуі мен тиімділігін арттыру мақсатында сериялық нөмірі бар велосипедтер үшін арнайы база құрылды. Жедел профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары велосипедпен жүрген азаматтарды тоқтатып, базадағы тіркелген нөмірлер арқылы иесін анықтайды», – деді.
Айта кету керек, велосипед ұрлығы үшін Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Алаяқтарға алданғандар қатары көп

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде қайтарымсыз несие алып беремін деп азаматтарды алдап келген ер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған