Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Жойқын шабуыл жеңіске жетеледі

Жойқын шабуыл жеңіске жетеледі

Қазақстан полициясының 25 жылдығын мерекелеу және Екібастұз қаласының құқық қорғау және арнайы органдар арасындағы V спартакиада аясында қаладағы «Жасыбай» спорт кешенінде волейболдан турнир өтті.
Оған ҰҚК, «Күзет» МКҚБ, ІІБ, қалалық сот, прокуратура және Екібастұз қаласының №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қатысты. Нәтижесінде 1-орынды №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрамасы, 2-орынды ҰҚК құрамасы және 3-орынды «Күзет» МКҚБ иеленді.
Турнир жоғары деңгейінде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубокпен және медальдармен марапатталды.
№14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрамасы жоғары деңгейде физикалық дайындығын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жойқын шабуылдар, сенімді қабылдау мен айқын қорғана білудің арқасында қарсыластарының бәрінен басым түсті.

Қ. ЖҰМАБАЙ, Павлодар облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған