Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Мекемелер арасындағы бәсеке

Мекемелер арасындағы бәсеке

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері арасында спорттың 5 түрінен өткен спартакиадаға 7 команда қатысты.
Шымкент қаласындағы «Қажымұқан» спорт кешенінде ұйымдастырылған аталмыш турнир ҚАЖ саласы қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын дәріптеу және жеке құрамның бойындағы отансүйгіштік сезімді, спортқа деген қызығушылықты арттыру, идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирді департамент бастығы, әділет полковнигі А. Досмағамбетов ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Спартакиадаға Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер және пробация қызметі бөлімдерінің жеке құрамы қатысып, өзара бақ сынады. Нәтижесінде командалық есепте 1-орынды ИЧ-167/4 мекемесі, 2-орынды ИЧ-167/9 мекемесі, 3-орынды Пробация қызметі бөлімінің командалары иеленіп, департамент бастығының атынан арнайы дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған