Тіл дамуын не тежейді?

Жуырда ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен 1-курс курсанттары арасында «Қоғамдағы тіл дамуының факторлары» тақырыбында дебат өтті.
«Бәйтерек» және «Тұлпар» командалары болып бөлінген курсанттар жақтаушы және даттаушы позицияларында қоғамымызда тілдің дамуы қаншалықты деңгейде екендігі және қазіргі таңда тілді дамытушы немесе тежеуші факторлардың басымдығы жөнінде пікір таластырды.
Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да, қазақ тілінің күрмеуі шешілмеген түйіткілді мәселелерінің көп болуы қоғамдағы көптеген факторға байланысты екенін айтқан екі тарап көпшілікке ой салар пікірлерін ортаға тастады.
Пікірсайыс соңында екі команда да дебатқа тыңғылықты дайындалып, белсене қатысқаны үшін алғысхаттармен марапатталды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*