Басқы бет / «Сақшы» газеті / Аймақ айшығы / Түрмеде де кәсіп бар

Түрмеде де кәсіп бар

Жуырда Шымкент қаласының «Көрме орталығында» Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Оңтүстік өнімдері» атты көрме жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге облыстың 200-ден астам тауар өндірушілері қатысып, өз тауарларын халық назарына ұсынды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты түзеу мекемелері де іс-шараға қатысуға мүмкіндік алып, сотталғандардың өз қолдарымен жасаған қазіргі заман талабына сай ағаш бұйымдары, атап айтқанда, үй жиһаздары, ыдыс-аяқтар, музыкалық аспаптар, демалыс орындарына арналған орындықтардың түрлері, әртүрлі ұлттық нақыштағы киім үлгілері, жатын бөлме төсеніштері және құрылысқа қажетті бұйымдар, т.б. көрмеге қойылды.
Жергілікті кәсіпкерлер түзеу мекемесінде ашылған жұмыс орындарына, олардың шығарған өнімдеріне қызығушылық танытып, тиімді жақтарын ескере келе, колонияларда кәсіпкерлік орындарын ашуға ниет білдіріп отыр.
Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту, біріншіден, олардың отбасыларына көмектесулеріне мүмкіндік берсе, екіншіден, бостандыққа шыққаннан соң жұмысқа орналасуларына да тәжірибе жағынан пайдасы болары анық.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Тіл дамуын не тежейді?

Жуырда ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен 1-курс …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған