Академиялар арасындағы ынтымақтастық

Жуырда Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Шара барысында Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов келген қонақтарға оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қазіргі таңда Академия бірқатар мекемелер, халықаралық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдармен өзара келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойып, жұмыс жасап жатқандығын айтты. Ал бұл меморандумның болашақта екі жаққа да тиімділігі мол екендігін де тілге тиек етті.
Астана қаласындағы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а. аға әділет кеңесшісі Наиль Ахметзакиров ең алдымен Қостанай Академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлын Елбасының қолынан жоғары шен атағын алуымен құттықтап, кейін екі тарап меморандум жайлы пікір алмасты.
Меморандумның қысқаша мазмұны «Озық технологиялар мен оқытудың үздік әдістемелерін енгізу, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру. Уәкілеттік органның келісімімен тараптардың ғылыми-ақпараттық қорларына, білім алушыларға, ғылыми-педагогикалық кадрларға мүмкіндік жасау» болып табылады.

М. ОСПАНОВ, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*