15 сақшы ант қабылдады

Петропавловск 29___Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерінің қатары тағы 15 жас маманға толықты. Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында болашақ тәртіп сақшылары ант қабылдап, тағы 17-і қызметкер лейтенант шешін алды. Бірқатар құқық қорғаушылар адал еңбектері үшін Ішкі істер министрлігі мен департаменті атынан алғыс хаттар мен төс белгілерге ие болды.
Қаз-қатар тізіліп, сап түзеген полиция қызметкерлерінің бірі ант қабылдауға дайындалса, енді бірі лейтенант шенін алуды асыға күтіп тұр. Оларды Конституция күнімен облыстық ІІД-нің бастығы Мұрат Ұрымхановтың өзі құттықтады. «Конституция күнін мерекелеу мемлекеттің ең маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі. Бұл күні Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізілген сындарлы және бір ізді саясатының арқасында өткен ғасырдың соңында әлем картасында егеменді мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болғанын, ал жалпы әлемдік саясаттан Қазақстан даму жолы атты ұғым пайда болғанын ерекше мақтанышпен айта аламыз», – деп құттықтады жиналған қауымды Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов. Мерекеге орай 15 адам ант қабылдады. Солардың бірі Төлеген Әділов. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында әскер қатарында болып, енді Петропавл қалалық қоғамдық-тәртіптік бақылау батальонында қызмет етеді. «Осы Конституция заңдарының бұзылмауына өзімнің бар күшімді қосамын, яғни өз жұмсыма, өз еліме, жеріме, Отаныма адал қызмет етуге ант беремін», – деп елдін сенімін ақтауға сөз берді Төлеген Әбділов. Шара барысында ант қабылдаушылармен қоса 17 маман лейтенант шенін алды. Балнұр Қалиахметова да осы күні иығына жарқыраған қос жұлдызды тақты.  «Заң және билік өкілі болғандықтан, бүгінгі Ата Заң күніне орай осындай шенге ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің бала арманым, төл арманым, сондықтан да енді Елбасы алға қойған міндеттерді атқаруға, атсалысуға, белсенді араласуға бар күшімді жұмсаймын. Және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп саласында аянбай еңбек етуге әзірмін», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторы Балнұр Қалиахметова. Сонымен қатар, бірқатар құқық қорғаушылар адал еңбектері үшін Ішкі істер министрлігі мен департаменті атынан алғыс хаттар мен төсбелгілерге ие болды. Шара соңы департамент қызметкерлерінің ән-шашуымен аяқталды. Ия, Отанға деген қызмет ету әр азаматтың ең ардақты борышы. Осынау борышты өтеу үшін бүгінгі жас өркен сақшылар елінің, жақын-жуығы, туысқанының алдында ант берді. Ал ант, уәде бұл айналып келгенде Құдайдың аты. Мұны әрине, ант берген жас сақшылар жете сезінеді. Әрдайым талап үрдісінен шығуға тырысады.

Ерлан МАХМЕТОВ,
СҚО ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*