Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Ешкім де елеусіз қалмайды

Ешкім де елеусіз қалмайды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және үкіметтік емес ұйымдар бірлескен түрде бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылатын азаматтарды еңбекпен және тұрмыстық қамтамасыз ету бойынша «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасын іске асырды.
Шараға Білім басқармасының өкілдері, Денсаулық сақтау басқармасының өкілі А. Кудесова, жұмыспен қамту орталығының, «Қуанышқалиев» ЖК өкілдері, қалалық пробация қызметінің қызметкерлері мен сотталған азаматтың жақын-туыстары қатысты.
Кездесу барысында мекемеден жазасының өтелмеген бөлігінен шартты түрде босатылған сотталғанға алдағы уақытта тұрмыстық мәселелер және еңбекке орналастыру бойынша толық мағлұмат берілді.
Аталған әлеуметтік жобаның арқасында бүгінде бостандыққа шыққан әрбір сотталғанға жаңа өмірге бейімделуіне үлкен мүмкіндіктер бар. Осындай шаралар барлық түзеу мекемелерінде өтіп келеді.

А. ЗҰЛҚАШОВ, Орал қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Алаяқтарға алданғандар қатары көп

Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде қайтарымсыз несие алып беремін деп азаматтарды алдап келген ер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған