Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Жас құтқарушылардың кезекті межесі

Жас құтқарушылардың кезекті межесі

Өскеменде дәстүр бойынша мамыр айында жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасақтарының арасында жарыс өтеді. Биыл да №2 өрт сөндіру бөлімшесінің базасында Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында ең үздік команда атануға таласқан 150 баланың арасында жарыс ұйымдастырылды.
Жарысты Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы офицерлері қаланың Білім беру бөлімі мамандарының қатысуымен өткізді. Іс-шараның ту көтеріліп, әнұран шырқалған салтанатты ашылуында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрлан Мадьяров сөз сөйледі.
«Құрметті балалар! Жас құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жарысына көптеген ұлдар мен қыздардың қатысқанына өте ризамын. Бұл өте маңызды іс-шара, өйткені жыл сайын төтенше жағдайлар саны өсіп келеді және де қатерге ең осал топ – балалар болып табылады. Қандай тұтқиыл жағдайда да жөн таба отырып, өзіне және басқа адамға көмектесе білу керек, міне осының бәрін әрбір оқушы меңгере алады. Өздеріңнің үлгілеріңмен құрдастарыңды және жақындарыңды қауіпсіздік қағидаларын үйренуге шабыттандыратындарыңа сенімдімін», – деді ол.
Биылғы жарысты өткізуге Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты ай қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының мамандары белсене қатысып, жарысқа қазылық жасады.
Жарыс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Өздерін өрт сөндіруші ретінде байқап көруге «Өрт эстафетасында» мүмкіндік туды. Осы кезеңдегі жарыста сәттілік барлық ұжымның үйлесімділігімен байланысты болды: біреуі кедергіден өтсе, басқалары зардап шегушіні тасыды, үшіншісі бар күшімен өрт сөндіру машинасынан аққан қуатты су қысымымен күресті, төртіншісі жауынгерлік киімді киді.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД медициналық қызметі және Медицина апат орталығы жарыстың барлық кезеңдерінде қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Эстафетадан басқа балалар ең ерекше және шығармашылық жарыс саналатын «Қолдан жасалған бұйымдар», «Визиттік карта», «Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауларында бақ сынасып көрді. Балалар ермексаздан, картоннан және басқа материалдардан өрт қауіпсіздігі тақырыбында бұйымдар жасап, қазылардың таңданысын тудырды.
Тартысты сайыс нәтижесі бойынша қазылар 1-орынды №20 мектепке, 2-орынды №16 мектепке, ал 3-орынды №30 мектепке берді. «Визиттік карта» номинациясында №7 мектеп, «Өрт сөндіру жөнінде қолдан жасалған бұйымдар» байқауында №34 мектеп, «Өрт эстафетасында» №17 мектеп жеңіске жетті.
«Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауында №11 мектептің балалары үздік шықты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған