Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Шағын футболдан өткен кездесу

Шағын футболдан өткен кездесу

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстанның құқық қорғау қызметтері арасындағы VI спартакиада аяқталды.
Қазақстан полициясының 25 жылдығына және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған құқық қорғаушылар арасындағы спорттық сайыс шағын футболдан өтті. Аталған сайысқа Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, ІІМ МКҚБ, ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ ҚАЖК және ІІМ ТЖК қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысты. VІ спартакиаданың ұйымдастырушысы ІІМ «Динамо» денешынықтыру қоғамы. Спартакиаданың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, сөз сөйледі.
«Осындай маңызды сайыстың біздің қаламызда өткеніне шексіз алғысымды айтқым келеді. Облыста денешынықтыру және спорт ерекше қарқынмен дамуда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және түрлі деңгейдегі сайыстарды өткізуге жарамды спорттық нысандар салынуда. Спорт ең алдымен азаматтардың Конституциялық құқықтарын, заңды және құқықтық тәртіпті қорғаудағы құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлеріне керек екендігін атап өту керек. Бүгін біздің қаламызда жиналған командалар өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсекеде жеңімпаздарын анықтайды деп сенемін», – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. ІІМ «Динамо» спорт қоғамының атынан спортқа деген ерекше қолдауы мен қосқан үлесі үшін Алматы облысының әкімі А. Баталов «Динамо» медалімен марапатталды.
Кездесулер қорытындысында ІІМ-нің командасы турнир жеңімпазы атанса, 2-орынды ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы иеленді. Ал ІІМ МКҚБ-ның командасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар мен турнирдің ең үздік ойыншылары кубоктармен, грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған