Теңдігіміздің теңдессіз құжаты

Капппасов Е.Т.Ақмолалық полицейлер өздерінің күнделікті қызметтерінде негізгі ұстанымы – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын және кепілі болып табылатын Қазақстан Республикасының негізгі заңдарының ережелеріне сүйенеді.
Ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы басты жауапкершілік ішкі істер органдарына артылған. Бүгінде біз барлық күш-жігерімізді ұдайы жетілдіруді талап ететін осы мақсаттарға қол жеткізуге бағыттап отырмыз. Сонымен бірге, бұл ретте барлық жағдайлар жасалған, атап айтқанда құқықтық негіз кеңейтілді, материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Биылғы жылы біз ІІД-нің автопаркін 30 бірліктен астам көлік техникасымен толықтырдық. Учаскелік полиция инспекторларының қызметтері жаңа автокөліктерге қол жеткізді. Өткен айда ғана еліміздің астанасымен астасып жатқан Целиноград ауданында жаңадан учаскелік пункт ашылды. Бұл учаскелік пункттің ерекшелігі оның базасында жедел басқару орталығы жұмыс істейді, ал онда орналастырылған бейнебақылау камералары «Лесная поляна» тұрғын үй массивтерін толық қамтиды. Бұл астаналық аймақтағы біздің жұмысымыздың тиімділік деңгейінің артуына мүмкіндік береді деген сөз. Енді кадрлық саясат мәселесіне келсек, біздің қызметімізді жетілдірудің маңызды факторларының бірі кадрлық құрамның сапалы болуы қажет екендігін атап өткен жөн. Өкінішке қарай, бұл әлі күнге дейін өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Бүгінде біздің алдымызда екі тапсырма тұр, оның бірі – жедел қызметтік жұмыс бабындағы түйінді мәселелерді шеше алатын, тәжірибелі мамандарды сақтап қалу болса, екіншісі – заманауи қатаң талаптарға жауап бере алатын жас мамандарға іріктеу жүргізу. Бұған ұдайы негізде кәсіби шеберлікті жетілдіру, яғни, жаңадан қабылданған мамандарды даярлау мен бұрыннан қызмет етіп келе жатқан қызметкерлердің біліктілігін арттыру жолымен ғана қол жеткізуге болады. Биыл біздің қатарымызды жүзден астам полиция қызметкерлері толықтырды және 60-тан астам қызметкер өздерінің кәсіби біліктіліктерін ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында арттырды. Өздерінің мүлтіксіз қызметтерінің арқасында күн сайын қызметтік парыздарын адал және шынайы орындайтын қызметкерлер ғана азаматтардың өмірі мен бостандықтарын қорғай алатындығын дәлелдеді. Қолының жымқырмасы бар полицейлер тек өздерінің беделін түсіріп қана қоймайды, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сеніміне де нұқсан келтіреді. Біз алдағы уақытта полиция қызметінің заңдылық, парасаттылық және жауапкершілік сияқты тұрақты принциптерін таптағандармен жүйелі және ымырасыз күресті жүргіземіз деген ниеттеміз. Құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар санының өсуі көп жағдайда өзіндік қауіпсіздік құрылымы жұмысының жандануына себепші болады. Бұл жағдайда басшылар өздерінің қарамағындағы қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері, жеке құрам арасындағы қызметтік тәртіптің ахуалы үшін жеке жауапкершілік артады. Қызметкердің осындай заң бұзушылығы мен лайықсыз тәртібінің әр фактісі төтенше жағдай ретінде қарастырылады. Егер әр полиция ұжымында заң бұзушылыққа төзбеушілік жағдайы жасалатын болса ғана біз оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 17 отырыс өткізіліп, онда 30 қызметтік тергеу материалдары қарастырылды. Қызметтік тергеу материалдарын қарастыра келе, 91 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жазаланды, оның ішінде: 14 қызметкер жағымсыз себептер бойынша ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, 4-і айналысып отырған қызметінен босатылды, 48-і қызметіне толық сай еместігі туралы ескертілді. Аталған санның ішіндегі 35 қызметкер әртүрлі дәрежедегі басшылар болып табылады, бұл жазаланғандар санының 39% пайызын құрап отыр. Тағы атап өтетін мәселе, біз өз жұмысымыздың ашықтығына, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу белсенділігіне ерекше көңіл аударамыз. Бұған әрине, Ішкі істер департаменті жанында құрылған Қоғамдық кеңестің көмегімен қол жеткізіледі, оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық қорлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары кіреді. Көбіне-көп олардың әділ бағалауы ішкі істер органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, криминалдық қауіппен күресу мен қылмыстық істерді сапалы тексеру азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды факторы болып қалып отыр. Биылғы жылы ауыр дене жарақатын салу 19,2%-ға, тонау 8,2 %-ға және мал ұрлығы 9,2 %-ға төмендегенін атап өткім келеді. Қылмыстық істерді тергеу сапасы айтарлықтай жақсарды, өйткені біз тергеу мен анықтау құрылымдары жұмысының толықтығы мен дұрыстығын көздеп отырмыз. Бірінші кезекке сандық көрсеткішті емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының пәрменді қорғауын құруға бағытталған жұмыс қойылған. Биылғы жылдың жеті айында тергеушілер өндірісіндегі істердің саны 965 іске артты. Өндіріспен аяқталған істердің саны 130-ға артты. Бізге өздерінің жеке қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау үшін көмек сұрай келген адамдар іс жүзінде шынымен де көмек алуы тиіс, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімі деңгейінің көрсеткіші болып саналады. Қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды күшейту ерекше бақылауға алынған. Статистика бойынша әрбір үшінші қылмыс осы жерлерде жасалады. Әрбір азаматтың, оның отбасы мен балаларының жеке қорғалғандығын сезінуі қалалардың, ауылдардың көшелеріндегі, аулалар мен подъездердегі тәртіп пен тыныштықтан басталады. Республика аумағында Елбасының жарлығы бойынша, Президенттің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2050» Стратегиясы» Жолдауында белгілеп берген қоғамда «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін қалыптастыру бойынша кең көлемді кампания өткізілуде. Бұл – қоғамда ірі ғана емес, сонымен бірге күнделікті өмірде азаматтар көріп жүрген, бірақ көп жағдайда оларға көңіл аудармайтын ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушіліктің ахуалын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, биылғы жылдың 7 айында осы сала бойынша 1475 тұлға жауапқа тартылды. Сондай-ақ, есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайына да тоқталып өткім келіп отыр. Соңғы жылдары біздің қызметімізді бағалау критерийлері қайта қаралды. Нәтижесінде қазіргі уақытта тіркелген қылмыстардың 95 %-дан астамына үш күн мерзімінде шешім қабылданады, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 30 %-ға жоғары. Біз ай сайын қалалық және аудандық құрылымдардың есепке алу-тіркеу, статистикалық, жедел-іздестіру ақпараттарының жағдайына ақпараттық-техникалық қызмет деректерімен салыстырулар жүргіземіз. Бұл кезде бір уақытта кезекші бөлімдердің де журналын тексеру жүзеге асырылады. Ішкі істер органдары құқық қорғау жүйесінде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің тетігінде де маңызды рөл атқарады. Полиция – атқарушы билік органдарының бірі ретінде мемлекеттегі заңдардың, бәрінен бұрын оның Ата Заңы – Конституцияның сақталуын бақылайды. Біз азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етіп қана қоймауымыз керек. Барлық азаматтарды қорғау – біздің басты міндетіміз.

Ербол ҚАППАСОВ,
Ақмола облысы ІІД
бастығының орынбасары,
полиция полковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*