Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Ынтымақтастық жеңіске жеткізеді

Ынтымақтастық жеңіске жеткізеді

Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қарамағындағы мекемелер арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды.
ЕС-164/6 мекемесінің спорт залында өткен жарысқа облыс бойынша барлық мекемелердің өкілдері белсене қатысып, бар ынтасымен жеңіске жету үшін ұмтылды.
Ойын өте қызықты әрі әсерлі өтті. Қызметкерлер бір сәтке өздерінің әдеттегі қызметтік міндеттерін ұмытып, емін-еркін ойынға ден қойды. Жарыс нәтижесінде ұжымдық ынтымақтастық жеңіске жетті деуге болады.
Жеңімпаздар департамент бастығының грамоталарымен марапатталып, оларға спорттық кубоктар табысталды.

Әсия БОЛАТОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Республикалық жарыс жеңімпаздары

Қызылорда қаласында жасөспірімдер мен жас құтқарушылар арасында өрт-құтқару спорты бойынша ұйымдастырылған VІІ Республикалық жаздық чемпионаттың …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған