Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Мүгедектер қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Мүгедектер қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары облыстық олимпиада кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
19 мамыр күні Қызылорда қаласының Ғ. Мұратбаев атындағы стадионында «Қызылорда еріктілері» қауымдастығының басшылығы облыстық спорт және туризм басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап облыстық олимпиада өткізді. Аталған іс-шарада Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары байқаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды (мүгедек арбасымен) кедергілерден өткізуге көмектесті. Бұл жарысқа 40-қа жуық адам қатысты. Барлық қатысушылар Қызылорда қаласының тұрғындары – «Талсуат» сауықтыру орталығында ем қабылдап жүрген азаматтар.
Іс-шараның мақсаты – денешынықтыру және мүгедектерге арналған спорт түрлерін көпшілікке насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды жүйелі ұйымдасқан бәсекелестікке тарту арқылы белсенді және саламатты өмір салтына шақыру болды.
Жарыс аяқталғаннан кейін жасақ құтқарушылары барлық қонақтарға және көрермендерге судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар мен бүктемелерді таратты.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған