Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Балалар мен жасөспірімдер арасында

Балалар мен жасөспірімдер арасында

Қазақстандық полицияның 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында елордалық полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өткізді.
Мұндай шаралар бірнеше жыл қатарынан Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің сыйлығына өткізіліп келеді. Жарысқа қаланың 10-нан астам мектебінен келген 60-қа жуық оқушы қатысып, олар 12 жасқа дейін және 12 жастан жоғары болып екі жас санатында бақтарын сынады. 3 турдан тұрған жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Күрделі және шиеленіскен күресте шахмат турнирінің жеңімпазы белгілі болды.
12 жастан жоғары санат бойынша 1-орынды №66 мектеп-лицейі оқушысы Аңсар Жанұзақов жеңіп алды. 2-орынға №4 мектеп оқушысы Мейірман Қыдырғалиев ие болса, 3-орын №62 мектеп оқушысы Бахтияр Досмағанбетов пен №38 мектеп оқушысы Әсел Лезбековаға бұйырды.
12 жасқа дейінгі санат бойынша 1-орынды №67 мектеп оқушысы Нұрел Оразаев, 2-орынды №66 мектеп-лицейінің оқушысы Алмас Жораев және 3-орынды №72 мектеп оқушысы Ерғали Сүлеймен иеленді.
Сонымен қатар, «Жеңіске ұмтылғаны үшін» номинациясын №72 мектеп оқушысы Әлихан Белжанов алса, «Ең кішкентай қатысушы» номинациясымен 6 жасар Дария Валеева марапатталды. Сайыс қорытындылары бойынша бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған