Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Кезекті рет келген жеңіс

Кезекті рет келген жеңіс

«Президенттік миля» жарысында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы тағы да жеңіске жетті. Әйелдер арасындағы сайыста былтырғы нәтижесін қайталаған облыстық ҚАЖД қызметкері Мәдина Сыздықова бірінші келді.
Павлодардың орталық стадионында түрлі ұйымдардың өкілдері жүгіру жарысына қатысты. Президенттік сынақтар аясында ішкі істер органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, медицина мамандары, журналистер және басқа да мамандық иелері, барлығы 500-ге жуық павлодарлық жарыс жолына шықты. «Президенттік миля» 18-60 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында өткізілді. Ерлер 2,4 шақырым, әйелдер 1,6 шақырым қашықтыққа жүгірді.
Нәтижесінде күштік құрылым органдары қызметкерлері арасында облыстық ҚАЖ департаментінің командасы 1-орынға, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2-ші, Мемлекеттік кіріс департаменті 3-ші, Ішкі істер департаменті 4-ші, облыс прокуратурасы 5-орынға орнықты.
Жеңімпаздарды Павлодар облысының Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы марапаттады.

Айгүл СЫЗДЫҚОВА, Павлодар облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған