Полиция – бұл қоғам, ал қоғам – полиция

МАТКЕНОВ 1Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің қоғамның қолжетімді табыстарының негізі болып қаланды. Оның негізгі әлеуеті, ең бастысы, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезде елімізде конституциялық заңдылықты қамтамасыз ететін тиімді мемлекеттік механизмдері жасалған. Конституция айналасында ішкі істер органдары жұмысы бетбұрысының негізі болып табылатын заңдары дамып келеді. Мемлекет басшысы соңғы үш жылда құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерімен басты реформалар қатары өткізілгенін атап айтты. Бұл мемлекетті бекітуде ең маңызды қадам. Қазіргі кезде аймақтарда полиция жұмысы қалай өзгеріп жатқаны туралы біз полиция полковнигі, Қостанай облысының ІІД бастығы Тілеген Маткеновтен сұраған едік.
–Тілеген Советұлы, қазіргі кезде полиция қызметінде басымдықты қайта
қарау жүріп жатыр. Өткізілген реформалардың нәтижесі ойдағыдай болды ма?
–Бұл бағытта үлкен жұмыстар жүргізілді, оның қорытындылары қазір бағаланып жатыр. Өткізілген кезектен тыс тестілеу, жаңа кадр резервін қалыптастыру, есепке алу мен тіркеу тәртібінің әдістемесін қайта қарау біздің жаңа деңгейге шығуымызға көмегі болды. «Полиция қоғамға ашық» деген сөйлем жәй ғана сөз емес, оның артында іс әрекеттер тұр. Мысалы, қазір ІІД бос қызмет лауазымдарының орнын басу барлық жарыстарын, біз БАҚ, Қоғамдық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен ашық тәртіпте өткіземіз. Бұл рәсім барынша анық. Әркім лауазымға үміткер кандидаттың деңгейін көре алады, ол ең жақсы жас мамандарды қабылдауға ықпал етеді. Жұмыстың осындай қалпы полиция қызметін бақылау бойынша қоғамдық кеңес мүшелері қорытындылар бойынша ұсыныстарды қалыптастырады, кандидаттардың дайындалу деңгейінің өсуіне де тиімді. Бұл қазіргі кезде полиция лауазымдарына ең жақсы үміткерлердің бар болғанын растайды. Тағы да бір мысал келтірсек, департаментте Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан стратегиясы-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау бағытында жұмыс атқаратын ақпараттық-насихаттау тобы құрылған. Аудан орталықтары мен алыс орналасқан мекенжайларға келіп полиция қызметкерлері 66\97 әскери бөлімшесінің әскери үрмелі оркестрімен бірігіп өздерінің күштерімен ұйымдастырылған концерттер қояды, аудан белсенділерімен кездесулер жүргізеді, полиция қызметкерлерінің белсенді көмекшілері марапатталады, жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Осындай сапарларда полиция мен қоғамның әріптестік моделі қарым-қатынасының жаңа үлгісі жасалады. Аудандық жерлер бұл жұмысты құнды бағалайды және ауылдықтардың айтуынша осындай шаралар полиция қызметкерлерінің беделін көтеруге бағытталған.
Жүргізілген реформалардың басты сұрағы – полиция қызметкерлердің
өздерімен заңның сақталуы…
–Бұл аспекттер – жұмыста басымды бағытқа ие. Соңғы кезде полиция қызметкерлеріне қатысты барлық сот процесстері баспасөз үшін көрсетімді және ашық болды. Бұл нені береді? Сыбайластық құқық бұзушылық деңгейі төмендеген. Жылдың басынан бастап өздерінің бағынушы қызметкерлер іс әрекеттері үшін 34 басшы жауапкершілікке тартылды, бұл былтырғы жылдан екі есеге артық. Осы фактілердің жартысынан көбі Қостанай облысының ІІД меншікті қауіпсіздік басқармасының күштерімен шығарылды. Қазіргі кезде облыста есірткі бизнесі мен криминалдық полицияға қарсы күрес бойынша бөлімшенің 11 бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процессі басталайын деп жатыр. Осы қылмысты әшкерелеуде ішкі қауіпсіздік қызметі қатысты. ІІД Жеке құрамның қатысуымен сот үкімі ашық түрде жариялануын өтінеді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің көпшілігіне қызметті адал және таза ниетпен алып жүруі және ішкі істер органдарының қазіргі қызметкер талабына сай болуы қажеттігі түсінікті деп ойлаймын.  Заманға сәйкес, ең алғашқы полициясы болып 1829 жылы Роберт Пилмен құралған Лондонның астаналық полициясы саналады. Тоғыз негізгі қағидаларының ішіндегі жетінші қағидасы мынадай: елді мекенмен байланысты үзбеу және тарихи әдісті өмірде қалыптастыру, осыған сәйкес полиция – бұл қоғам, ал қоғам – полиция. Осыны толық бізге енгізуге болады деп ойлаймын.
–Қазір полицияның көп мәселелері табысты шешіліп жатыр, соның
ішінде, материалдық-техникалық мәселелер. Қылмысты шешуге бұл қалай әсер етеді?
–Соңғы кезде полицияның жұмысына көптеген инновациялық технологиялар  енгізілді. Жобалар облысында ең тиімді әрекет жасайтыны «Қауіпсіз аула» деп аталады. Облыс орталығының 55 ауласында бейне бақылау 60 камерасы орнатылды, бейнені полицияның учаскелік пункті мен облыстық ІІД басқармасының жедел орталығы бақылап отырады. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы полиция қызметкерлеріне аулаларда жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жедел түрде әрекет көрсетуге көмегін тигізеді. Аулалардағы бейне бақылаулардың болуы – бұл алдын алу шарасы, ата-аналар өздерінің балалары үшін алаңдамайды, көлік жүргізушілер өздерінің көліктерінің сақталуына сенімді. Жобаның жұмыс жасау барысында мыңнан астам құқық бұзушылық пен ондаған қылмыстар айқындалды. Осындай жұмыс, соның ішінде, барлық аймақтың қылмыстық жағдайына әсерін тигізеді. Биылғы жылы облыста аса ауыр қылмыстардың, ұрлықтардың, кісі өлтірудің саны азайды. Бұрынғы қылмыскерлермен жасалған қылмыстардың саны да азайды. Кәмелетке толмаған айыпкерлік төмендеп келеді.
–Полиция қызметкерлері кәсіби ісінің ең маңызды бір бөлігі ол дене даярлығы. ІІД осы бағытқа қалай назар аударады?
–Оған жіті назар аударылады. «Динамо» спорт кешені жөнделді, регби бойынша топ құралды, біздің қызметкерлер Қостанай қаласында өткен полиция қызметкерлерінің арасындағы волейболдан ҚР ІІМ чемпионатында қола жүлдегерлері болды. Волейболдан ІІД тобы – Республика бойынша ең үздік болып саналады. Шағын футбол бойынша турнирлер жиі болып тұрады. Өткен кезектен тыс тестілеуден кейін, онда талап етілген дене нормативтер өте қиын болды, көптеген біздің қызметкерлер спортпен шұғылдануға белсенді кірісті. Көптеген біздің қызметкерлер стадиондарда қазір тәртіп сашысы ретінде емес, спортшы ретінде қатысып жүр. Бұл оң беталысты біз әрі қарай дамыта береміз. Әр адамның күндегі өміріндегі бағдарында үлкен және кіші жеңістерінің кепілі болып Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық борыш, төзімділік, бірлік, сияқты құндылықтар болуы қажет деп ойлаймын, өйткені, біздің Конституция осы негіздермен кепілденген. Дәл осы негізгі заң қазір біздің барлық құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, саясаттық және мәдени аймақтарында біздің алға жылжуымызды қамтамасыз етеді.

 

Әңгімелескен Елена КАШАРИНА,Тілеген МӘТКЕНОВ, Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі:

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*