Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Төтеншеліктер – гарнизонның үздігі

Төтеншеліктер – гарнизонның үздігі

18 ақпаннан 30 сәуірге дейін елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған қалалық мемлекеттік қызметкерлердің арасында спартакиада өткізілген болатын.
Таяуда Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиаданың қорытындысы шығарылды. Күш құрылымдарының мемлекеттік қызметкерлері арасында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 1-орынды жеңіп алды.
Шараны Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі дирекциясымен бірлесіп қалалық Денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жарыс қала тұрғындарының арасында саламатты өмір салтын насихаттау, елордада спортты дамыту мақсатында өткізілді. Спартакиада бірнеше апта бойы спорттың 8 түрі бойынша өтті: шаңғы жарысы, шахмат, үстел теннисі, волейбол, бильярд, футбол, эстафета және арқан тарту.
Спорт шарасына барлығы 582 адам, елорданың 26 мемлекеттік мекемесі қатысты, соның ішінде 5 команда қаланың күш-құрылым мекемелері болса, 21 команда – Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінен.
Командалық спорт түрлерінде қатысушылар саны көп болды. Волейболдан жарысқа 16 команда, футболдан 20 команда шеберлік байқасты.
Жарыстар «Алау» мұз айдыны, шаңғы-роллерлік трасса, «Азия» бильярд клубы және Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион сынды елорданың бірнеше спорт нысанында өтті. Астана қаласы әкімінің аппараты 370 ұпай жинап, ең жоғары көрсеткішпен жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының командасы 354 ұпаймен 2-орынға орналасты. 343 ұпаймен Астана қаласы Әділет департаменті үздік үштікті қорытындылады.
Күш құрылымдарының мемлекеттік қызметкерлері арасында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 387 ұпай жинап, 1-ші атанды. Ұлттық ұланның командасы 383 ұпаймен 2-орынға орналасты. Ал 334 ұпай жинаған Астана қалалық ІІД командасы 3-орынды қанағат тұтты.
Спорт жарысының жеңімпаздарын қала басшысы жаңа үлгідегі дипломдармен және медальдармен марапаттады.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Журналистер жарысқа түсті

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың имиджін көтеру, дәріптеу мақсатында және Журналистер күнін мерекелеу аясында Шымкент қаласы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған