Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Сақшылар қол ұшын созуда

Сақшылар қол ұшын созуда

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Петропавл қаласындағы Былғары зауыты ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізді.
Тасқынның алғашқы күнінен-ақ полицейлер құтқарушылармен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, судың құрсауында қалған тұрғындардың жанында болып, оларға көмек көрсетуде. Олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, үйлерді тонау фактілдерін болдырмауды қолға алды.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов су тасқынынан зардап шеккен қала тұрғындарына гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары әр отбасыға жарма, қант, май, шай, макарон түрлері, балық, тұз, ет салынған 170 азық-түлік себетін үлестірді. Полиция қызметкерлері төсек-орын, киім-кешек, аяқ киім мен ыдыс-аяқ салынған пакеттерді де әкелді. Қаламыздың кішкентай тұрғындары да ұмыт қалмады. Қала тұрғыны Вадим Аитов полицейлерге қосылып, өз көмегін көрсетуде. Жаялықтар салынған бірнеше пакет Былғары зауыты ауданында тұрып жатқан аналар мен әжейлерге үлкен көмек болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Наурызбек Исиннің айтуынша, облыстық полиция ведомствосы бастығының қолдауымен ІІД-нің және Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы ұйымдастырған гуманитарлық көмектің жалпы сомасы – 240 мың теңгені құрады. Полицейлер зор ыждаһаттылық танытып, «Газель» жүк көлігіне ең қажетті деген заттарды тиеп алып келді.
Тұрғындар полиция қызметкерлерінің мұндай көмегіне ризашылықпен қарап, әкелінген заттар үшін алғыстарнын білдірді.
«ІІД басшылығына осындай қамқорлығы үшін зор алғысымызды айтамыз. Сондай-ақ, барлық полицейлерді, әкімдік қызметкерлерін олардың ізгі әрекеттері үшін ерекше атап өткім келеді. Бізді ұмытпай, қиын-қыстау сәтте көмектерін аямай, қол ұшын беріп көмектесіп жатқандары үшін мың да бір рахмет», – дейді 70 жастағы қала тұрғыны Айтжан Тапеева.

Юрий КЛЫКОВ, Петропавл қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Заң бұзғандарға жаза қатайтылады

ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі бойынша …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған