Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Мерекедегі медаль сыңғыры

Мерекедегі медаль сыңғыры

«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген атпен Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай мерекелік іс-шара  өтті.
Іс-шараны құттықтау сөзбен ашқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл майдангерлерін және барша жеке құрамды Жеңістің 72 жылдығымен әрі Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтап, оларға игі жақсылықтар тіледі.
«Ұлы Жеңіс мейрамы – Қазақстан халқының ерлігін, батылдығын, абыройын асқақтатумен қатар, бейбіт өмір мен Отан үшін жанын қиған жауынгерлерді еске алатын ерекше маңызды мереке. Осындай мерекенің жалғасып келе жатқанына биыл 72 жыл және оның Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс келіп жатқаны – біз үшін қосарланған қуаныш», – деген генерал-майор ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмыту мүмкін еместігін айтты.
Жас сарбаздарға ұдайы патриоттық тәлім-тәрбие беріп келе жатқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Фалеев те барша әскери қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жүрекжарды сөздерін арнады.
Салтанатты құттықтаудан кейін қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді көтермелеу туралы Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрықтары оқылып, үздік әскери қызметшілерге медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кетерлігі, осы күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының екі әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен лейтенант шенін алған болатын.

Айдос БАЙШАҒЫРОВ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Сондай-ақ, оқыңыз

Заң бұзғандарға жаза қатайтылады

ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі бойынша …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған