Конституция күніндегі қайырымдылық

Акция ДВД СКОҚазақстан Республикасы Конституция күні мен жаңа оқу жылы қарсанында Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер депаратаментінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шара барысында олар аз қамтылған отбасыларының балаларына оқу құралдары мен концеляриялық тауарларды табыстады. Акция облыстық ішкі істер департаментінің әйелдер кеңесімен ұйымдастырылып, полиция әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында алдын ала жәшік орнатылды. Мұнда полицияның әр қызметкері мұқтаж балаларға қажетті ойыншықтар мен мектеп жабдықтарын сала алды. Жаңа оқу жылы басталмас бұрын ішкі істер басқармасының кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар тіркеуде тұрған бұл отбасыларды аралап, олардың ата-аналарымен алдын ала профилактикалық кеңестерін жүргізген. Олардың көбі сабақтарын босату себебінен тәртіп сақшыларымен тіркеуге қойылған отбасылар. Ата-аналарының айтуынша олардың сабақ босатулары материалдық жетпеушіліктің себебі деп отыр. Тәртіп сақшылар болса дәл осы отбасылардың үйлеріне бас сұқты. «Акция Конституция күні мен жаңа оқу жылы қарсанында бекерге өткізіліп отырған жоқ. Петропавл қаласында мектепке отбасыларының әлеуметтік тұрмысының нашарлығынан босататындары баршылық. Бүгін біз олардың барлығын аралап, сыйлықтар мен мектепке қажетті жабдықтарын таратудамыз», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің Штаб бастығы, полиция полковнигі Сәуле Аңдағұлова. Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бір күн ішінде 1 қыркүйек күні мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 20 –дан астам отбасының үйінде болып қайтты. Сондай-ақ, тамыздың 19-нан Солтүстік Қазақстан облысында борышкерлер мен алимент төлемеушілердің мекенжайын анықтау акциясы да өтуде. Шара барысында ең алдымен қолдарында сот шешімі бола тұра өз міндеттерін орындамай жүрген адамдар іздестіріледі. Жыл басынан алимент пен борышын өтемей жүрген 745 жанға іздеу салынған. Қазіргі таңда олардың 576-сының мекенжайы анықталды. Олардың 76-сы алимент төлеуден жалтарып жүргендер болса, 500-і мойнындағы қарызын өтемей жүрген облыс тұрғындары. Борышкерлердің мекенжайын анықтау барысында полиция қызметкерлері аула және үй ішін тексеріп, азаматтардың тіркеу құжаттарын тексереді. Бұл туралы келесі мақаламызда толық әңгімелейтін боламыз.

Ерлан МАХМЕТОВ,
Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*