Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / «Жас құтқарушылар» жарысы

«Жас құтқарушылар» жарысы

Мамырдың 4 күні құтқарушы қызметінің имиджін көтеру мақсатында, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №5 МӨСБ-нің спорт кешенінде Сарыарқа ауданы оқушыларының қатысумен «Жас құтқарушы» жасағының өрт-құтқару спорты бойынша іріктеу жарыстары өтті.
Жарыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында азаматтық міндетті арттыру, белгілі бір төтенше жағдайларда: өрт, апаттар кезінде жедел әрекет етулерін нақыштау болып табылады. Себебі, аталмыш жағдайларда балалардың денешынықтыру дайындықтары маңызды. Осы сынды іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылатынын атап өту керек.
Жарыстарға өрт-құтқару спорты бойынша 4 негізгі жарыс енгізілді: өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін кию, шабуылдау баспалдағымен екінші қабатқа көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолдардан өту және медициналық конкурс. Барлық нормативтерде белгіленген уақытты ұстану ғана емес, тапсырмаларды дұрыс орындау маңызды.
Жарыстарға ауданның 6 тобы қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша 1-орынды екінші жыл қатарынан тек Сарыарқа ауданы бойынша ғана емес, басқа да жарыстарда көзге түскен №20 орта мектеп құрамасы қанжығасына байлады. 2-орыннан №19 орта мектеп оқушылары көрінді. Ал №3 мектеп-гимназия құрамасы 3-орынды қанағат тұтты.
«Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша Томирис Мусайбекова жеңімпаз атанды. «Үздік сурет» номинациясын № 56 мектеп-лицейдің оқушысы жеңіп алды.
Спорт жарыстарының қорытындылары бойынша барлық жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жүлделі орын алған құрамалар Сарыарқа ауданының атынан қалалық жарыстарда сынға түседі.

Сарыарқа ауданы ТЖБ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған