Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Әкелер мен балалар сыны

Әкелер мен балалар сыны

Ақтөбелік тәртіп сақшылары қаладағы мектепке дейінгі мекемелермен бірлесіп, «Біз – Отанның сарбазымыз» атты мерекелік әскери-спорттық шара ұйымдастырды.
Оны қалалық білім бөлімі мен Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің Кадр ісі жөніндегі басқармасы және «Динамо» спорт клубының қызметкерлері бірлесе қолдады.
Шара мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен ата-аналар арасындағы өзара сыйластық пен татулықты, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Сайысқа қаладағы 9 балабақша командалары қатысты. Спорттық жарыстар эстафеталық түрде өтті. Сайыс тоғыз турдан тұрды. Әкелердің әскери дайындығы, балалардың тапқырлығы мен алғырлығы сынға түсті. Сайыс нәтижесінде үздіктерге сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған