Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Татулық – тіршілік тұғыры

Татулық – тіршілік тұғыры

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара болып өтті.
Мәжіліс залына өңірдің құқықтық тәртіп органдарында қызмет атқарып жүрген 16 ұлттың өкілі жиналды. «Халқымыздың достығына келер болсам, отандастарымыздың біртұтас екендігін бүгін тағы бір мәрте көрсеттік. Солтүстікқазақстандықтардың бір адамдай жұмыла кірісіп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесулері де осының бір айғағы», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов. Сондай-ақ, ведомство басшысы барлық азаматтарға ашық аспан мен татулық тіледі. Өңірдің бас полицейі еліміздегі бірлік пен тұрақтылықтың нығаюын қамтамасыз етуге және қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға полиция қызметкерлерінің өз үлестерін қосып жүргенін айта кетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясына қатысқан «Видергебурт» мәдени орталығының төрағасы Эльвира Ковзель мен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Тухватуллина сессиядан алған әсерлерімен бөлісті. Олар өздерінің Қазақстан азаматы екендіктерін мақтан тұтатындығын, осы елдің гүлденуіне және оның бірлігінің нығаюына өз үлестерін қосып жүргенін айтты.
Ұлттық ұлан ардагері Сәбит Ахметов те өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Өзінің Мәскеу және Ленинград қалаларында білім алғанын айтты. Ресейде алған білімі қазақ жерінде ондаған жылдар бойы қызмет атқаруға мүмкіндік берді.
Жиын соңында концерттік бағдарлама өткізіліп, мемлекеттер мен халықтар достығының айқын мысалдары көрсетілді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Сақшылар жәрдемге жұмылды

Полицейлер жергілікті атқарушы билікпен, ТЖ департаментімен бірлесіп, су басқан аудандардағы тұрғындарға көмектесу шараларына қатысуда.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған