Ардагер жолы

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Төтенше жағдайлар органдары қазақстандық ардагерлер ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сағынбай Уәлиев пен Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жанат Смағұлов бастаған ТЖД Өрт сөндіру қызметі азаматтық қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері Тайынша қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының және өрт сөндіру қызметінің ардагері Петр Перфильевтің шаңырағына бас сұғып, сый-құрмет көрсетті.
Петр Федорович 1926 жылдың 28 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы, Приишим ауданы, Новоникольск селосында дүниеге келген. Отбасында бес бала тәрбиеленіп өсті. Балалық шағынан өмірдің қиындықтарын басынан өткерген бозбала 17 жасқа толмай жатып, 1943 жылы әскер қатарына шақырылды. Жауынгер курсты аяқтаған соң, майданға аттанды. Волхов және 4-Украин майдандары құрамында еліміздің қалалары мен селоларын, сонымен қатар, Прага қаласын азат етті.
1950 жылы еліне оралған жас жауынгерді анасы мен үш әпкесі қарсы алады. Петр Федорович 20 жылдан астам Красноармейск қаласында өрт сөндіру бөлімінде қызмет етті. 1986 жылдың қараша айынан зейнеткерлік демалыста. Ерен еңбегі мен ерлігінің айқын дәлелі – оның наградалары. Атап айтқанда, «Қызыл Жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Ерлігі үшін» медалі және тағы басқа мемлекеттік марапаттары кеудесінде жарқырайды.
Біз Отан қорғаушылар алдында бас иеміз және олардың алдында мәңгілік борыштармыз.

Руслан ӘБДІКӘРІМОВ,
Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Тәуелсіздік халықаралық векторға жол ашты

Қазақстан полициясы құрылғалы бері осы саланың ыстық-суығын бірге көріп келе жатқан ішкі істер органдарының байырғы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған