Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Күн тәртібінде – екі мәселе

Күн тәртібінде – екі мәселе

Жуырда Астана қалалық ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органының (ККО) кезекті отырысы өтті.
Консультативтік-кеңесші органының құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, Парламент Сенаты мен қалалық мәслихат депутаттары кіреді. «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ басшысы Абай Байгенжиннің жетекшілігімен өткен отырыста қазіргі таңдағы екі өзекті мәселе талқыланды. Олар – «Азаматтардың қызметтік әдеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы шағымдарын қарау» және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ІІД жеке құрамының дайындығы» мәселелері.
Жиында Астана қалалық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Дәрішев және Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков сөз сөйледі.
Бірінші мәселе бойынша баяндаманы тыңдағаннан кейін, ККО мүшелері Кадр жұмысы басқармасы бастығының азаматтардан келіп түскен шағымдар, соның ішінде полицейлердің этикалық нормаларды бұзған нақты жағдайлары жөніндегі ақпаратын талқылады. ККО мүшелері аталған жағдайларға бұдан әрі жол бермеу, сондай-ақ, үстінен азаматтардың шағымы түскен кінәлі қызметкерлерді қатаң жауапкершілікке тарту жайында атап өтті. Оған қоса, отырысқа қатысушылар аудандық ІІБ және қатардағы бөліністер жетекшілеріне өздеріне қарасты қызметкерлердің Этикалық кодекс талаптарын ұстанып, бұзушылықтарға жол бермеуді жеке бақылауларына алуды тапсырды.
Екінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде ақпараттандырды. Аталмыш жұмыс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері жүргізілуде. Ол техникалық жабдықтандыру мен халықаралық көрмені күзетуге қатысатын қызметкерлердің санына және полицейлерді даярлауға аса мән берілгендігін атап кетті.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Тәуелсіздік халықаралық векторға жол ашты

Қазақстан полициясы құрылғалы бері осы саланың ыстық-суығын бірге көріп келе жатқан ішкі істер органдарының байырғы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған