Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Өңір намысын қорғайды

Өңір намысын қорғайды

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, Шығыс Қазақстанда үздік жол-патрульдік полициясы инспекторын анықтады. Байқауға облыстық Жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелерінің 20 өкілі қатысқан болатын.
Осындай байқауларды өткізудің басты мақсаттарының бірі жеке құрамның кәсіи біліктілігін әрі қарай жетілдіру, үздік қызметкерлердің оң тәжірибесін зерделеу.
Жол-патрульдік полициясы инспекторлары арасындағы жыл сайынғы «Үздік маман» кәсіби шеберлік жарысы Өскемен қаласында өткізілді. Облыстық жарысқа қатысушылар алдымен қалалық және аудандық бөліністерде іріктеуден өтті.
7 кезеңнен тұратын жарыс бағдарламасы өте мазмұнды болды. Жол-патрульдік полиция инспекторалы жол жүрісі қағидаларынан білімін, алғашқы медициналық көмек көрсету, көлік жүргізу, жол қозғалысын реттеу шеберліктерін көрсетті. Оған қоса, қару ату және дене шынықтыру даярлығы бойынша, сонымен қатар, нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі бойынша сынақ тапсырды.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО саптық бөлімшелері арасында Шығыс Қазақстан облыстық ІІД ЖПҚ ЖППБ қызметі инспекторы, полиция офицері Ержан Нұрахметов «Үздік маман» болып танылды. Полиция аға лейтенанты Ербол Даиров пен полиция лейтенаты Қуат Асубаев сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.
Салтанатты марапаттау рәсімінде облыстық ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Нұриев жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, жарыстың әр кезеңінде үздік шыққан қатысушылар аталып өтті.
Енді жарыс жеңімпазы шығыс өңірінен жол-патрульдік полициясы қызметкерлері арасынан еліміздің «Үздік маманын» таңдау бойынша республикалық жарысқа қатысу құқығына ие болды. Айта кетерлік жайт, өткен жылғы аталмыш республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкері, полиция лейтенанты Жеңіс Дуанов үздік шыққан болатын.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Латын әліпбиіне көшуді талқылады

Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесін атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналды. Халқымыздың ынтымағын одан …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған