Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Сақшылар жәрдемге жұмылды

Сақшылар жәрдемге жұмылды

Полицейлер жергілікті атқарушы билікпен, ТЖ департаментімен бірлесіп, су басқан аудандардағы тұрғындарға көмектесу шараларына қатысуда.
Жергілікті полиция қызметінің және Петропавл қалалық ІІБ-нің күшімен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Эвакуациялау комиссиясы өзен жағасына жақын орналасқан Заречный кентінің, Былғары зауыты ауданының, Тепличное және Прибрежное селоларындағы және саяжай учаскелеріндегі тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады.
Заречный кентінде – 2975 адам, Былғары зауыты ауданы мен саяжай учаскелерінде – 265, Тепличное селосында – 656 және Прибрежное селосында – 1520 адам тұрады.
Аталған аудандарда 276 үйді су басып, 994 адам шығарылды. Олардың 170-і – балалар, 17-сі – мүгедектер.
Тек Заречный кентінің өзінде 48 адам эвакуацияланып, 33 адам эвакуациялау пунктіне, ал қалғаны туыстарына орналастырылды. Су басқан жерлерден 81 бас мал шығарылды. Тұрғындарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Заречный кентінің тұрғындарын жұмыстарына жеткізу қолға алынған.
Полиция қызметкерлері бойларынан келетін суға кіріп, жерлестерінен көмектерін аяп жүрген жоқ. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов облыс және қала басшылығымен бірге тәулік бойы су басқан жерлерге барып, тұрақты назарда ұстауда. ЖПҚ, Петропавл қалалық ІІБ, Қызылжар аудандық ІІБ жеке құрамы тонау фактілерін болдырмау үшін және тұрғындарды эвакуациялау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруда. Сондай-ақ, жолдарға көлік патрульдері қойылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Өңір намысын қорғайды

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, Шығыс Қазақстанда үздік жол-патрульдік полициясы инспекторын анықтады. Байқауға …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған