Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / «Детективте» өткен дода

«Детективте» өткен дода

Қазақ мемлекеттік заң университетінің қылмыстық-процессуалдық құқық және криминалистика кафедрасының базасында 2015 жылдан бері «Детектив» ғылыми-тәжірибелік клубы жұмыс істеп келеді.
Клубты Астана қалалық Ішкі істер департаменті аталмыш оқу орнымен бірлесіп ашқан болатын. Себебі, жыл сайын астаналық полицейлердің қатарын ЖОО түлектері толықтырып отыратыны белгілі. Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың бастамасымен ашылған клуб жоғары оқу орнындағы тергеушілер мен анықтаушылардың біліктілігін үш жылдан бері көтеріп келеді. Мұнда болашақ тергеушілер мен криминалистердің қылмыстық істерді кәсіби меңгеруіне жете мән беріледі.
Оқу орнында жас мамандар оқиға орнында тергеу істерін жүргізуге машықтанатын арнайы полигон бар. Онда нақты оқиғаға талдау жасап, тәжірибе алмасуға, оқыту әдістері мен белсенділік танытқан болашақ мамандарға басты назар аударылады. Сондай-ақ, қылмыстық процеске қатысқандардың құқығы мен қауіпсіздігі, заңды қызығушылығы да сақталуы қажет. Мұндай оқу әдістемелеріне астаналық ІІД Тергеу және анықтау бөлімшесінің тәжірибелі қызметкерлері тартылады.
Таяуда аталмыш клубта «заңгер» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті. Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасының білікті тергеушілері қазылық еткен іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-орынды Астана қаласындағы ҚазМЗУ, 2-орынды ЕАГИ (Астана қаласы), 3-орынды Каспий университеті (Алматы қаласы) иеленді.
«Детектив» ғылыми-тәжірибелік клубы білікті мамандар даярлауда сапаны жақсарту мақсатындағы маңызды әріптес әрі оқу процесінде практикалық бағытты күшейтіп отырады. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу жүргізуге оның нәтижесін өндірісте қолданысқа енгізуге мүмкіндік беретін клубтың мүмкіндігі мол.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Сондай-ақ, оқыңыз

Есілдегі ескерту шаралары

3 желтоқсанда елордалық ТЖ департаменті мен қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері бірлесіп, Есіл өзенінде …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған