Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Таяуда Алматы облыстық ІІД-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясының құрылғанына – 25 жыл» мерейтойын атап өтуге және Ұлы Отан соғысына қатысушы милиция генерал-майоры Ә. Болсамбековті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.
Аталған турнирге Алматы облысы құқық қорғау органдары, оның ішінде, Алматы облыстық ІІД, қалалық, аудандық ішкі істер бөліністері, облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ұлттық ұланның әскери бөлімі және т.б. қызметкерлерінен құралған 25 команда қатысты.
Турнирді өткізу мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысып, елі үшін қызмет еткен ер тұлға, аты аңызға айналған Әбдіқадыр Болсамбековті еске алу, қызметкерлерді патриоттыққа тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізді құрметтеу.
Жарысты Алматы облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры М. Ұрұмханов ашты. Бұл іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, Ә. Болсамбековтің қызы Анфиса Болсамбекова да қатысқанын айта кету керек.
«Біз өзіміздің еліміз, жеріміз үшін соғысқа аттанып, өз өмірлерін қиған, жеңіс туын желбіреткен қаһармандарымызды, ерлерімізді ұмытпауымыз керек. Олардың есімі және ерлігі, Отанына деген сүйіспеншілігі келер ұрпақтың әрдайым есінде болуы үшін осындай атаулы іс-шараларды жыл сайын өткізу дәстүрге айналған», – деді полиция генерал-майоры М. Ұрұмханов.
Шағын футбол турнирінің қорытындысы бойынша 1-ші орынға Панфилов аудандық ІІБ, 2-орынға ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаменті, 3-орынға Ескелді аудандық ІІБ ие болды.

Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған