Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Қалалық басқарманың үздіктері

Қалалық басқарманың үздіктері

Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында Петропавл қалалық ІІБ қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Аталмыш спорттық мерекені қалалық полиция ведомствосының басшылығы ұйымдастырды.
Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы – Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі полиция бөліністерінің бірі болып саналады. Демалыс күні барлық полиция қызметкерлері спорттық киімдерін киіп, «Динамо» стадионында өз араларында мықтыны анықтауға жиналды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалпы дайындығы бағдарламасында денешынықтырудың алар орны ерекше. Осы мақсатта ІІД-нің ұйымдастыруымен барлық негізгі спорт түрлерінен чемпионаттар мен сайыстар жүйелі түрде өткізіліп отырады. Олардың барлығына Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері белсенді қатысып жүр.
Осы жолы өткізілген шағын футбол сайысы да тартысты өтті. Ойынның қорытындысы бойынша 1-орынды әкімшілік полиция басқармасы құрамасына енген қадр жұмысы, тылдық қамтамасыз ету басқармалары мен жедел басқару орталығы жеңіп алды. 2-орынды 2-полиция бөлімінің құрамасы еншіледі. Ал жергілікті полиция қызметі командасы 3-орынды қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған